Миллиардерлер ғарышты бағындыруға неліктен ақша салуда?

0

Америкалық миллиардерлердің көбісі ғарышты бағындыруға, дәлірек айтқанда Марсты бағындыруға ақша құйып жатқандығы баршаға аян. Туындайтын бір сұрақ: неге?

«Марсты колонизациялау» деген ұғым ең алғаш рет Tesla компаниясының басшысы және құрушысы Элон Масктің басына келді. Бұл кәсіпкердің жеке компаниясы SpaceX, Falcon 9 зымыранын ғарышқа сәтті ұшырып, жерге сәтті қондыра алды. Мейлі, қазіргі таңда SpaceX компаниясының жұмысынан бал тамып тұрмаған шығар, алайда Масктің компаниясы ғарыш тарихына еніп үлгерді. Сондықтан қалған кәсіпкерлердің барлығы ендігі кезекте Элон компаниясының жетістігін қайталауға ғана ұмтылатыны анық.

Ғарышты бағындыру деген ойды Маск, 2002 жылы өзінің PayPal компаниясын $165 млн-ға сатып жібергеннен кейін ойлай бастаған екен. Осы сатылымнан кейін дереу $100 млн қаржыны Space Exploration Technologies Company (SpaceX) компаниясын құруға салып жібереді.

Ол уақытты аты дүрілдеп тұрған ғарыш агенттігімен Масктің кішкене ғана қаражаты бар жеке компаниясы бәсекелестікке түсе алады деп ешкім ойламаған. Тіпті, түсе алмайды да деп қарсы пікір айқандар да көп болды. Алайда, Элон өзінің мүмкіншілігіне сенді де, жұмысты әп сәтте бастап жіберді.

dcbc1e8155a48b

Сөйтіп SpaceX компаниясы 2006 жылы өзінің алғашқы Falcon-1 зымыранын сынап көрді. Ал, 2008 жылы Маск NASA компаниясымен әлемді дүр сілкіндірген келісім-шартқа қол қойды. НАСА мен SapceX арасындағы келісімнің құны бақандай $1,6 млрд қаржыны құраған болатын. Яғни, келісім бойынша Масктің компаниясы НАСА ғарыштық станциясынан  өзінің 12 зымыранын ұшыра алатын болды.

Оның үстіне АҚШ президенті Барак Обаманың Марсты бағындыруға көп қаражат жұмсалып кететінін, мұндай ірі көлемдегі істер мемлекет бюджетін едәуір ортайтатынын айтып, жеке кәсіпкерлерге осы жұмысты атқаруға үндеу тастаған болатын. Сол кезде президент жақтастарының көбісі Барак Обаманың Элон Маскке үміт артатынын да айтып қалғанын тағы қосыңыз.

Сонымен мемлекеттің және басқа да елдердің қолдауына ие болған Маск компаниясының алғашқы кездердегі зымырандарының барлығы дерлік құлады. Кейбірі азоннан басы қылтыя бере жарылып түссе, екіншісі орнынан көтерілмей жатып жарылып кетіп жатты. Осыған қарамастан SpaceX компаниясы тікелей Элон Масктің ықпалы арқылы АҚШ билігімен қарым-қатынасты тоқтатқан жоқ.

Сонымен, The Washington Post сайтының хабарлауынша SpaceX компаниясының қазіргі құны шамамен $12 млрд көлімінде екен. Бұл сайттың ойынша Элон осы компанияны ықпалды және ең қымбат компаниялардың біріне айналдыруды көздеп отыр.

2012 жылы Масктің айтқан сөздерін бүкіл әлемдегі БАҚ біткеннің барлығы жарыса жазды. Өйткені Элон дәл осы кезде Марсты бағындыруға жұмыстарды бастайтынын айтып қалды. Тіпті, компанияның негізгі мақсаты Марсқа алғашында 15 ғарышкерді жіберу, артынша 80-100 мыңға жуық адамды көшіріп апару керектігінде тілге тиек етті. Оның үстінде жерден Марсқа ұшатын маршурттан қалып қалмайын десеңіз, қалтаңызда $500 мың табылу керек екенін де жеткізді.

Алайда, қаншалықты Марстың климаты жерге жақын десекте, орташы температурасы -40 градусты құраса, қыс кездеріне -125-ке дейін құлайды. Бірақ, Маск бастаған ақылдылар бұл істен қорқып отырған жоқ. Олардың құдыреттілігі сол, Марстың климатын жердікімен бірдей қылатын жоспарлары да бар екен. Бұл туралы Масктың өзі бір сөзінде бүй дейді:

АҚШ ғалымдарының Марстағы климатты өзгертуге қауқары жетеді. Ондағы ауа-райын жылытатын ең оңай жол, оның полюстеріне барып термоядролық бомбаларды жару.

ИТ кәсіпкерлерінің ғарышқа талпыныстары
Элон Масктен басқа ғарышты бағындыруға кіріскен немесе жоспарлары бар ИТ кәсіпкерлерде жоқ емес. Олардың қатарында Фейсбуктің иесі Марк Цукерберг, Гуглді құрушы Сергей Брин, Британиялық Ричард Брэнсон және соңғы уақытты ғарыш кеңістігіне шығып үлгерген Джефф Безос бар.

Марк Цукерберг бүкіл әлемге интернет таратамын деген ойын жүзеге асыру үшін ғарышқа ұшуға дейін барамын деген болатын. Осылайша 1 миллиардқа жуық қолданушысы бар Фейсбукке тағы 4 миллиардтай адамды қосып алуды жоспарлап отырса керек.

Ғарыш десе ішкен асын жерге қоятын тағы бір кәсіпкер – Ұлыбритания кәсіпкері, спорттық рекордттарды жаңартуға құмар Ричард Брэнсонның Virgin Galactic компаниясы. Бұл компания өзінің бұл жолдағы алғашқы қадамдарын сәтті бастады деп айтуға толық негіз бар. Брінші ғарыш кемесін сәтті аяқтаған компания екіншісіне крісіп те кетті. Кәсіпкердің мақсаты ғарыш кеңістігіне саяхаттаушыларды алып шығып, жерде айналдырып ұшып көрсету болып табылады. Қарап отырсаң, жұмысы көп демесеңіз тегін ақша…

Сергей Бринге келетін болсақ, Google компаниясы SpaceX компаниясымен тығыз жұмыс жасауда. Жақында ғана брин осы компанияға $1 миллиард көлемінде қаржы құйды. Бриннің космосты бағындырамын дегендегі мақсаты Цукербергке ұқсайды – интернет тарату.

Джеффа Безостің ғалымдары өзінің New Shepard зымыранын сәтті ұшырып және қайтадан сәтті алып келді жерге. Бұл ғарыш кемесі үш адамға арналған және ғарышқа адамдарды саяхаттатып қаржы табуға ниетті. Сондай-ақ, айта кететін бір нәрсе, Безостың Blue Origin және SpaceX мемлекеттің қолдауына ие болып отырған бірден-бір компаниялар болып табылады.

Осылайша жердегі кәсіптерін қойып, ғарышқа көшкен миллиардерлерге не жетпей жатыр дейсізғой кейде. Алайда дәл осындай бәсекелестіктер адам баласының ғылымға деген қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ, ғылымның биік шыңға жеткендігінің бірден-бір дәлелі болмақ.

You might also like More from author